Д.ДҮЙСЕБАЙ, журналист: Күйiнгенде қайтесiң
Намыс қолдан жасалмайды. Ол – адам бойындағы туабітті қасиет. Бойда намыс жоқ болса қайтеміз…
Намысты құлдық санаға жеңдіріп алдық-ау деп ойлаймын. Содан басы бүтін арылмай ісіміз оңалмас.
Намысты жігіттеріміз – ауылда, қаладағылары базар жағалап жүр. Қолдарында не бар?
Намыссыздардың басым бөлігі мансапты: биік орынтақтарда шіреніп-шіреніп отыр. Олардан не қайран?! Ойлағаны жеке бас қамы, ақша, мансап… Әйтпесе дүниені – қоғамды бір өзгертсе, солар өзгертер еді…
Күйінгенде қайтесің.
Alashainasy.kz