Қ.ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ,дінтанушы: қайда кетiп барамыз өзi?!

Мүшеқапты қап-қабымен тегін тарату арқылы «Қыздар, бала көтеріп қалмай, абайлап зина жасай беріңдер.Етектеріңді ерте ашып, қызықтарыңды ерте ұрлат­қанда тұрған не бар?» демекші ме сонда?

Мүшеқап себеппен емес, салдармен күресу. Мүшеқап ұяттан мақұрым қалған ұрпақ алдында шарасыз күйге түскен ұятсыздардың шешімі!

Мүшеқаптың орнына ар-ұят, имандылық, пәктік насихатталмай құрдымға кеткеніміз кеткен.

Ерте жастан некесіз еркін жүрген қыздарымыздың бұл әрекеті олардың болашақта құратын шаңырақтарына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Бүгінде ажырасу көбейіп жатса, оның негізгі себебі қыздарымыздың ерте жастан некесіз жатып-тұруларында. Қайда кетіп барамыз өзі?!

                                                                                                                                                        365info.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.