М.Қазбекова, Мәжіліс депутаты: …бұл тек мәселенің бір ұшы ғана
Қазір жер-жерлердегі кішкентай басшылардың өздері, колледж бен облыстық филармония директорына дейін тамаша джиптер мен седандар сатып алады. Әкімдіктерді айтпағанның өзінде жағдай солай. Биыл мемлекет есебінен тұрғын үй саласындағы жеңілдіктерді пайдаланудың заңсыз фактілері анықталуда. Жақында ғана Павлодарда бағасы 50 миллион теңге тұратын пәтердің және жалпы сомасы 226 млн. теңге болатын қолайлылығы жоғары бес пәтердің сатып алынуына қатысты дау шықса, бұл жағдайдың біреу емес екені анық, бұл тек мәселенің бір ұшы ғана.
Атырау қаласының әкімдігі жиһазы бар бес бөлмелі тұрғын үйді 58 млн. теңгеге сатып алған.
Ақсай қаласында аудан әкімінің зәулім үйін жөндеу үшін бюджеттен 24 млн. теңге бөлінген. Жамбыл ауданының әкімі кең паркингі бар, аумағы 180 шаршы метр баспананы 35 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сол Ұзынағаштағы ең қымбат коттедж 20 миллион теңгеден аспайды. Кейбір шенеуніктердің ештеңеден бас тартпай, керемет өмір сүруге ұмтылуы сын тудыратыны анық. Шенеуніктердің өздері тұратын объектілерді жеңілдікпен жекешелендіріп алатынын да жоққа шығаруға болмайды.
Baq.kz