ӘУЕЗДІ ҮЙ

Германияның Дрезден қаласындағы AlaunstraЯe көшесінде орналасқан бұл үйдің бір қабырғасына түгелдей суағар құбырлар орнатылған. Осы құбырлармен жаңбыр суы төмен сырғығанда айналаны жаңғырықтырған әдемі әуен пайда болады.

Мұның сырын түсінбеген адам үйдің бір бөлмесінде әлдекім ерекше бір музыкалық аспапта шебер ойнап отыр деп ойлауы мүмкін. Ал мұның жай ғана жаңбыр мелодиясы екенін түсінгенде, жанға керемет жайлылық сыйлайтын әсем әуенді ұзақ уақыт тыңдап тұрып қалып жатады. Тіпті осы әуенді тыңдау үшін жаңбырлы күндері арнайы іздеп келіп, дауысын таспаға жазып алып кетіп жататындар да бар. Бір қызығы, бұл әуенді ешқандай аспаппен қайтадан ойнап шығу мүмкін емес.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.