Т.МҰСАБАЕВ, Сенат депутаты: … мұндай ақшаны қайдан алсын?
Маған сотта әділдік таппаған азаматтар көп келеді. Олар «қазір кімнің қолында ақша бар, барлық сотты сол жеңіп алады» деп айтады. Қазір сотта жеңу үшін сол адамнан 100 мың доллар сұрайды. Ал ол мұндай ақшаны қайдан алсын? Әділетсіз қоғамда халыққа өмір сүру қиын. Сотқа жүгінген адамның қолында барлық айғақ – құжаты, видеосы болып тұрса да, жеңіліп қалады. Әділдік таппайды. Өйткені қалтасында ақшасы жоқ. Меніңше, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы мәселемен айналысуы керек. Қалғанының бәрі оңай, ең қиыны осы болып тұр.
sputniknews.kz