Б.АРТАЕВ, олимпиада чемпионы: …бiзге ешкiмге елiктеудiң керегi жоқ

Спорттағы қандаста­рымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік. Ауыр болса да, осыны мойындамасқа амалымыз жоқ. Бәрі де ренжулі, өкпелі жігіттер. Бір нәрсені дәлелдей алмай жүрген, істей алмай мазасы қашқан жігіттер. Есі дұрыс, өзіне сенімді азамат ешқашан ағымның есігін ашпайды немесе қақпайды. Рас, Ханафи мәзһабын ұстанатын жігіттер де көп. Бірақ менің білуімше, жат ағымдықтар қармағына түсіретін жанды алдайтын көрінеді, қызықтыратын сияқты, қатарларына тарту үшін ештеңеден тайынбайтын сияқты. Арабтың немесе парсының дәстүрі мен сөзін бізге әкелудің түк те керегі жоқ деп есептеймін жеке оз басым. Өзіміздің түбі терең, керемет тариxымыздың барында, атадан-балаға келе жатқан үзілмеген, ұлттық салт-дәстүріміз бен ана сүтімен келген, ғажайып осындай өз ана тіліміз барында, бізге ешкімге еліктеудің керегі жоқ.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.