С.ӘБІКЕНҰЛЫ,«Парасат» журналының бас редакторы: Iш удай ашиды

Аяз ата мен Ақшақар культқа айналды, ел оларды жыл бойы телміріп күтетін болды. Оны қоя бер, әлгі берідегі Әулие Валентинді алайық. Ау, айналдырған екі-үш жылда мектеп директорларының миы айналып қалып, мектептерге жәшік қойғызып, балаларымыздан «махаббат» хатын жинап, масқара болмап па еді. Дүкен, дүңгіршек жүрекке ұқсас кәдесый, открыткаларға толып, оны аттандап жүріп әзер тоқтаттық қой. Тәуелсіздік мерекесіне үш, үш-ақ күн қалды, дүкенге кіріңізші, ішіңіз удай ашиды. Қандай сувенир аласыз, осыны балама апарып мәз етейінші дегізетін? Көшеге қарасаңыз да нышан, ортақ бір символика жоқ. 27 жыл… ең Ұлы мерекемізді елге жаппай атап өткізудің жолын таппадық, бір ізді идеологиялық сценарий жаза алмадық. Іш удай ашиды. Ал 16-сынан кейін Жаңа жыл гүрілдеп ала жөнеледі, шүбә жоқ.

«Ф»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.