ЖҮНДЕС МҰЗ

Шотландиядағы Комри қыстағында ерекше «жүндес мұздарды» жиі кездестіруге болады. Ғалым­дардың айтуынша, мұздың мұндай құрылымы өте сирек түзіледі, ол үшін ауа температурасы үнемі 0,2-0,4 градустан аспауы тиіс.

Бір қарағанда ағарған сақалды не шашты еске түсіретін мұндай мұздарды ғалымдар «мұзды шаш» немесе «мұзды сақал» деп те атайды. 2015 жылы Германия мен Швейцария ғалымдары олардың түзілу сырын аздап ашқандай болған. Зерттеу нәтижелері бойынша, бәріне әлдебір саңырауқұлақтар «кінәлі» екендігі анықталған. Бұл Альфред Вегенердің осыдан 100 жыл бұрынғы теориясын дәлелдейді. 1918 жылы әйгілі метеоролог «жүндес мұздардың» бәрінен саңырауқұлақтың көзге көрінбейтін ерекше бір түрін тапқан.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.