Қ.ИСЛАМ,БОКСШЫ: СЫЛТАУЫ ТАУСЫЛМАЙТЫН АДАМДАР ӨМІРДЕ..

Біздің елде телефонда отырып алып, біреуге баға беретін жастар көп. Біреуге баға беретіндей сен кімсің? Баға беруге уақытың да болмауы керек. Қазір жастардың 20, 30, 40 жасқа дейін тәуекелге барып, қателік жасайтын уақыты ғой. Жиырма жасыңда қателік жасап, тәуекелге бармасаң, отыз жасыңда басыңды тасқа ұрып көрмесең, сен қай кезде тәуекелге барып, білек сыбана іске кірісесің?! Қазіргі таңда елімізге рухы биік жігерлі адамдар керек. Жастар “ұят болады, жаман болады, анау күлетін шығар” деген нәрселерді ұмытуы керек. Себебі тәуелсіз еліміз бен жеріміз бізге қарап тұр, осы байлыққа ие болуымыз керек. Сылтауы таусылмайтын адамдар өмірде ешқандай жеңіске жетпейді. Еңбек – бәрін жеңбек. Сол үшін біздің жастарды жігерлендіріп, намысын қайрау керек.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.