ОҚУШЫЛАР МЕН ҰСТАЗДАР ӘКІММЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «… мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі- білім жарысы. Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер», — деп сонау 1913 жылы жазған мақаласында айтқан екен. Бәсеке — қашан да жетілуге жетелейді. Ұлт ұстазының ұлы мұратын іске асыруды мақсат тұтып, жалғастырушы ұрпақ ретінде ауданымыздың зейінді, білімді жасөспірімдері киелі Түркістан қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 35 жас өрен жолдама алып ауданның намысын қорғап жүлделі орындар иеленіп қайтты. Оқушының жүрегінде жылы орны бар ұстаздың жанкешті еңбегі, білімінің биігіне ұмтылған, жүректері арман мақсатқа толы шәкіріттердің «төккен тер, еткен еңбегі» еш кеткен жоқ. Облыстың түкпір – түпкірінен 1003 оқушы қатысқан білім жарысында жүзден жүйрік шапқан ауданымыздың 9 оқушысы жүлделі болса, 4 оқушы номинация иегері атанды. Ауданымыздың абыройын асқақтатып келген оқушылар және олардың жетекшілерімен Келес аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы кездесті. Кездесу барысында облыстық Білім басқармасы басшысының және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» мараппатады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.