4 МАМЫР КАНЕЛО МЕН ДЭНИЭЛ ДЖЕЙКОБС АРАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
QAZYGURT.KZ: Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамыр Мексиканың ұлттық мерекесі «Синко де Майо» күні өтеді. Жекпе-жек туралы боксшылардың өзі, промоутерлер мен DAZN стриминг агенттігі ресми мәлімдеді. Алайда әзірге өтетін қала мен арена аталмай отыр.
Альварес те, Джейкобс те соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта британиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.
АҚПАРАТ көзі: kaz.vesti.kz