ҒАЛЫМ ЖАҢАЛЫҒЫ ҮШІН ҮЙ ҚАМАҒЫНДА ОТЫР
QAZYGURT.KZ: Естеріңізде болса, осыдан бір ай шамасы бұрын әлемде тыйым салынған тәжірибе жүргізіп, ұрық ДНК-сын редакциялаған қытай ғалымы туралы екі хабар таратқанбыз: яғни, эмбрион ДНК-сына тәжірибе жасау арқылы нәтижесінде осы заманғы емі қиын ВИЧ инфекциясына ағзасы төзімді Нана және Лулу есімді егіз қыздың өмірге келгені турасында айтқанбыз. Хе Дзянкуй емханасында осы заманғы Crispr технологиясының көмегімен жүргізілген тәжірибе өз кезегінде ғалымның айдай әлемге атын шығарғанымен оның жаңалығы өз басына қара бұлт болып үйіріліп, ақырында із-түссіз жоғалып кеткенін әрі ұзынқұлақ хабарға қарағанда Гонконгтағы ғылыми жиыннан кейін оны тұтқындап әкеткені турасында да айтып өткенбіз. Қанның лейкоциттінің түзілуіне әсер ететін генге түзетуді енгізуді қажет етпейтін ВИЧ инфекциясына төзімділік, яғни, кей адамдардың ағзасында мұндай мутация кездеседі. Олардың қарасы кәрі құрлықта шамамен 1,5 пайызды құрайды. Хе Дзянкуйдің өзі бұл тәжірибені адамзаттың игілігі мен гендік инженерияның дамуы үшін жүргізгенін айтып, ақталып бақса да оның қолына кісен салынып, қазіргі уақытта Шэньчжэнь қаласындағы өзінің үйінде қамауда отыр. Сыртынан күзет қойылған. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның аяңы өлім жазасына ұласуы мүмкін.
АҚПАРАТ көзі: qamshy.kz