Б.САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-Министрі: Ақпаратты түсiндiру жұмыстары нашар

Көлікті онлайн тіркеу немесе көлік жүргізу куәлігін алу қызметі бар дейді. Басқа көрсетілетін қызметтердің саны былай айтқанда көп емес. Неге? Бұл тиімді нәрсе. Халық сонда қаншалықты тиімді екенін білмей отыр ма?! Биыл ІІМ арқылы қанша көлік тіркеу­ден өтті? Слайдта 4 639 ғана қызмет көрсетілді деп жазылған. Тіпті, 2,5 миллион өткен болса да, түк те емес. Орысша айтқанда, “не дорабатываем”. Онлайн қызмет түрі енгізілгенімен, халық бәрібір де ХҚКО-ға барып кезекке тұрып жатыр. Оны бармай-ақ үйінде ұялы қосымша арқылы ала беруіне болатын еді. Оның үстіне қажеттісін пошта арқылы да әкеліп береді. Халық интернетке кіріп еш нәрсе түсінбей отыр. Көлік немесе автобусқа мініп, қызмет көрсету орталығына барады. Ақпаратты түсіндіру жұмыстары нашар.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.