А.ШӘМЕНОВ, э.ғ.д., профессор: үкiмет пен Парламентке жалаң ұранның орнына…
Бастысы – халқымыздың ең көп шоғырланған саласы ауыл шаруашылығының экономикамыздың драйвері бола алмауы. Бұл салада бидайды экспорттаудағы жетістіктерді ғана айта аламыз. Ал мұны жетістік емес, бұл саладағы шикізат сатудың оңай жолы дер едім. Егер қаттырақ айтсақ, бұл – экономиканы мемлекеттік реттеудегі жетесіздік, оған жауапты министрліктің оңай жолмен жүруге тырысуы. «Қайта өңдеу саласының еңсесін тіктей алмауына басты кедергі не?» десек, оның себебі, біріншіден, мұнай өндірісін ұлғайтып, пайда табатын топтың үкімет деңгейінде протекционизмдік саясаты. Екіншіден, тұғырлы да, кешенді мемлекеттік саясаттың болмауы. Президент бұл мәселені тапсырды, ал атқарушы билік іле-шала жиналыс өткізіп, іс-шара жасаған болады және оны түсіндіріп ел жағалайды. Сонымен іс бітеді. Ал шындығында бұл жерде кешенді экономикалық реттеу механизмі жасақталуы тиіс. Үкімет пен Парламентке жалаң ұранның орнына экономикалық механизм жасап, оны заң түрінде рәсімдеп, тауар өндірушілерге жағдай жасау керек!
aikyn.kz