ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР ТӘРКІЛЕНДІ

QAZYGURT.KZ: Шымкенттің жергілікті базарларында өткен арнайы операцияның қалай өткенін Полиция департаменті мәлімдеді. Іс-шараның мақсаты тыйым салынған діни әдебиеттерді іздеу мен оларды таратушыларыды ұстау болған. Нәтижесінде отызға жуық басылым мен сәләфизмді дәріптеген электронды басылымдар тәркіленді. Одан бөлек, қай әдебиеттерді таратуға тыйым салыну қажеттігін анықтайтын сараптамалар тағайындалды. Полицияның ресми өкілі Әсел Сәденованың сөзінше, қазір ұсталған 28 адамға тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Процессуалды шешімдер сараптама нәтижесі шыққан соң қабылданады.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.