ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу процесін цифрландыру бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі саналады. Бүгінде цифрландыру адам өмірі мен шаруашылығының барлық саласын қамтыды. Ақпарат алмасу, құжаттарды рәсімдеу сияқты қарапайым қызметтерден бастап, ірі-ірі өндіріс ошақтарында қол күші автоматтандырылып, еңбек өнімділігі мен өнім сапасы артты.
Әділет министрлігінің қызметті цифрландыру бағытындағы оң өзгерістердің бірі – нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді автоматтандыру болып табылады. Аталған бағыттағы мақсатқа қол жеткізу үшін 2018 жылғы 7 наурызда ҚР Үкіметінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы № 113 қаулысы қабылданды. Бүгінде электронды тіркеу өз жемісін бере бастады. Мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы жүзеге асырылатын облыстық, қала, аудандық, мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интернет-порталына қосылған.
Мемлекеттік тіркеу – әділет органдарының актіде құқық нормасының болуын және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдау тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуін, нормативтік құқықтық актінің ҚР заңнамасына сәйкестігін айқындауды және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, оны нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді қамтиды.
А.ВАДЕРЯН,
Шымкент қаласы
әділет департаментінің
жетекші маманы.