БАЛАЛАР ГАЗДАН УЛАНДЫ
QAZYGURT.KZ: 4 ақпанда Октябрь ауданы 15-шағын аудандағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. «Өрт 8-қабаттағы 10 шаршы метрлік пәтерде болған. Өрт сөндірушілер 13 адамды, соның ішінде 7 баланы құтқарып қалды. Тілсіз жау 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы балалар ысты газдан уланып, ауруханаға түсті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге жеке құрамнан 25 адам және Қарағанды облыстық ТЖД 8 техникасы тартылды», — делінген хабарламада.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz