АҚТӨБЕДЕГІ БАЛА ӨЛІМІНЕН КЕЙІН МҰҒАЛІМДЕР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ

QAZYGURT.KZ: Ақтөбе облысында екі мектеп оқушыларының төбелесі салдарынан 10 сынып оқушысы қайтыс болған еді. 26 қаңтар күні орын алған қайғылы жағдайдан кейін төрт мұғалім жұмыстан босатылған.

Оқушылардың аудан-ауданға бөлініп пышақтасуынан кейін арнайы комиссия екі мектепті тексерген. Осыдан кейін екі бірдей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері жазаланыпты.

Комиссия тексеру кезінде тәрбие ісінде жіберген бірқатар олқылықтарды анықтаған. Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізбегені үшін №6 орта мектептің және Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектептің директорларына сөгіс жарияланған.

«Тұтастай мектептердегі тәрбие ісінің ұйымдастырылу деңгейі зерделенді. Аудандық білім бөлімі екі мектептің директорын тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Екі мектептің де директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметтен шеттетілді. Сынып жетекшілері жетекшілік орнын босатты», — дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Рсалина.

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.