ПАВЛОДАРДА 4 АДАМ ГАЗДАН УЛАНЫП ҚАЙТЫС БОЛДЫ
QAZYGURT.KZ: Павлодар облысының Ұзынбұлақ ауылында қайғылы жағдай орын алды. Төрт адамнан тұратын отбасы иіс газына уланып қайтыс болды. Бекбатыровтар әулетінде жантүршіктірер жағдай орын алды. Әйелі мен күйеуі, сондай-ақ төртінші және жетінші сыныпта оқитын екі баласы пештің дұрыс жанбауына байланысты газға уланып қайтыс болды. Отбасы бір күн бойы байланысқа шықпаған соң, кешкі 21:00 туыстарының бірі Бекбатыровтар отбасын көріп қайтуға барады. Есіктің ар жағынан жабық екенін көрген ол үйге есікті сындырып кірген. Өкінішке орай, үй иелері өлі күйінде табылыпты. Павлодар облысының әкімі марқұмдардың артында қалған екі қызына және барлық туыстарына көңіл айтты. Аудан әкіміне отбасының жақындарына қажетті көмек көрсету тапсырылды.
АҚПАРАТ көзі: nur.kz