М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: … ата-аналардың жауапкершiлiгiн заңмен күшейткенiмiз жөн

Ең қиын саланың бірі – оқу-ағарту саласы. Оқушылар арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық оқиғалары осыны айғақтайды. Бұл – қоғамның шындығы. Оны мойындауымыз керек. Осы орайда «кім кінәлі?» деген сауал туындайды.Көп нәрсе бос жүрістен туындайды. Балаларға арналған үйірме көп. Бірақ бәрі ақылы. Біз бала тәрбиесіне өте немқұрайды қарайтын болдық. Баламыздың бос уақытында немен айналысатынын білмейміз. Кіммен дос, сабағы, тәртібі қалай? Мектеппен тығыз байланыс жасамаймыз. Барлығын ұстаздарға ысырып тастайтын жағдайға жеттік. Сондықтан ата-аналардың жауапкершілігін заңмен күшейткеніміз жөн. Екіншіден, ата-ананың жауапкершілігін күшейтетін заңдарды енгізу қажет. Жалпы, бала тәрбиесінің 80 пайызы ата-анаға байланысты. 20 пайызы мектеп пен араласатын ортасына қатысты. Ата-ана баласына дұрыс тәрбие берсе, ол дұрыс азамат болып өседі.

jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.