Қышаның пайдасы
* Аяқ шаршағанда
2 ас қасық қышаны 2 литр ыстық сумен араластырыңыз. Суға аяғыңызды жарты сағатқа салып, ұстаңыз.
* Тамақ ауырғанда
1 шай қасық тұз, 1 шай қасық бал, жарты шай қасық қыша, 100 мл жылы су мен кішігірім лимон шырынын араластырып, күніне 4-6 рет тамағыңызды шайып тұрыңыз.
* Гайморит, тұмау кезінде
Матаны ыстық суға малып алыңыз. Онымен құрғақ қышаны орап, мұрныңыздың үстіне немесе екі қастың ортасына қойып, жатыңыз.
* Арқа ауруы, артрит, сіңірдің тартылуы кезінде
Ыстық ваннаға 220 г құрғақ қышаны қосып, араластырыңыз. 20 минуттан астам уақыт жатуға болмайтынын ескеріңіз.