15 жастағы оқушының қолынана 53 жастағы мұғалімі қаза тапқан

QAZYGURT.KZ:  Минск облысының мектептерінің бірінде 11 ақпан күні 15 жастағы оқушы мұғалімі мен сыныптастарын пышақтап тастады. Таңғы 8:05 шамасында №2 мектепте шабуыл жасалған. 15 жастағы оқушы ұстазы мен үш сыныптасына пышақпен тап берген. Шабуыл нәтижесінде мұғалім мен бір оқушы көз жұмған. Екі жеткіншек жарақат алған. Қылмысын жасағаннан кейін қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай милиция қызметкерлері оны құрықтаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметтерінше, 15 жастағы оқушының қолынана 53 жастағы география пәнінің мұғалімі қаза тапқан. Көп ұзамай әлеуметтік желіде Столбцы қаласының 2003 жылғы тұрғыны №2 мектеп ұстазы мен оқушыларына пышақтағаны үшін іздеу салынған болатын. Вадим Милошевскийдің суреті жарияланды.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.