Дарья Махартованы өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
QAZYGURT.KZ: Қостанайда өткен жылдың жазында Дарья Махартованы өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Қостанай соты 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне кінәлілерді соттады.
Үкімге сәйкес, 26 жастағы Руслан Ажанов 23 жылға темір торға тоғытылса, 30 жастағы Анатолий Шевченко 25 жылға бас бостандығынан айрылды.
Еске сала кетсек, 18 жастағы Дарья Махартова өткен жылдың 20 шілдесі күні үйінен жүгіруге шығып, содан қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Кейінірек оның денесін орманның арасынан тапқан.
АҚПАРАТ көзі: nur.kz