Ирандық күріш сортының алғашқы 500 тоннасы биыл экспортталады

QAZYGURT.KZ: Ирандық күріш сортының алғашқы 500 тоннасы биыл экспортталады.

2018 жылы күрішшілер су тапшылығына қарамастан, 473 мың тонна өнім жинап, Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтарын игеріп жатыр. «Өткен жылы өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек Иранға экспортқа шығару үшін күріштің ирандық сортын өсіру басталды. Қазіргі уақытта бірінші партия — 500 тонна ирандық күріш сортын киллограмы — 810 теңгеден, яғни бүгінгі экспорттық бағадан 4 есе жоғары бағада жөнелту жөнінде келіссөздер жүріп жатыр», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, егіншілікті дамыту суармалы жерлермен шектелгенін ескере отырып, мол өнім беретін және суды аз қажет ететін дақыл алқаптарын көбейтуге, сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту үшін жем және азықтық дәнді дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріледі. 2018 жылы күріш алқаптары 3 мың гектарға кеміді, ал майлы дақылдар, атап айтқанда мақсары — 2013 жылы 1659 гектардан 2018 жылы 8404 гектарға дейін ұлғайды. Бұл мақсары майын өндіріп, 2018 жылы бірінші рет осы өнімнің 50 тоннасын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Қытайға жыл сайын 2,4 мың тоннадан кем емес мақсары майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Осының есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдері экспорты 28% өседі. Өткен жылдан бастап аймақта соя және азықтық дақылдар — судан шөбі, қант құмай сияқты мол дақылдарды енгізу жұмыстары басталды. Биыл күріш алқаптары тағы 2171 гектарға азайып, 4068 гектарға азықтық және 1293 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.