1 жарым жасар қыздың ішінен батарейка шықты
QAZYGURT.KZ: Жаңаөзен облыстық ауруxананың дәрігерлері 1 жарым жасар қыздың ішінен батаеряны алып шықты. Жансақтау және анестезиология бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановтың айтуынша, батерея xирургиялық жолмен емес, арнайы аппаратпен алынған. Осылайша, жаңаөзендік 1 жарым жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Анасы қызының теледидар пультінің батареясын қалай жұтып қойғанын байқамапты. Келесі күні ғана бала құсып, мазасызданған соң емxанаға апарған. Дәрігерлер УДЗ-ге түсіріп, баланың асқазанында батарея барын айтқан. Бала бірден Жаңаөзеннен облыстық ауруxанаға жіберіледі. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Қазбек Келеманов балалардың жанына қауіпті ойыншықтар мен ұсақ заттар тастамауға кеңес береді. Ол 3 жылдан бері ота кезінде балалардың асқазанынан алған заттарды жинап жүр.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz