Т.ӘУБӘКІРОВ: «Патриотизм» деген сол!
Патриотизм қазіргі таңда біраз ұмытылып қалды. Совет үкіметі кезінде патриоттық сезім саясатпен бірге еді.
Қасымыздағы үлкен Қытайда миллиардтан астам халық бар. Соларға кішкентай кезінен өз Отанын сүю, өз жерін сүюді ұқтырады, соған үйретеді. Ал бізде ол мектепте де жоқ. Біраз ақшамыз пайда болса, жүгіріп ағылшын, неміс мектебіне баламызды береміз. Өзіміздің мектепте өз тіліміз жоқтай! Ана тілді ұмытпау керек. Бұрынғы уақыт өтті, кетті. Қазіргі уақытта біз өзіміздің егемен мемлекетімізде, Қазақстанда тұрып жатырмыз. Біздің сондықтан патриоттық сезіміміз оянуы керек. Өз тілімізбен сөйлеп, өзімізді мақтап, қайда жүрсек те, соны көтеруіміз керек.
Көшеге шықсақ қазақша сөйлеуге ұяламыз. Орысша сөйлеп кетеміз, ағылшынша сөйлеп кетеміз. Жастар өзге тілді білуі керек, бірақ ең бірінші өз тілін жақсылап игеруі тиіс. «Патриотизм» деген сол!
qamshy.kz