Өмірхан Бақдәулеттің денесі үйінің қасындағы құдықтан табылған
QAZYGURT.KZ: Астанада 16 ақпан күні жоғалып кеткен он үш жасар Өмірхан Бақдәулет өлі күйінде үйінің қасындағы құдықтан табылған. 13 жасар баланың қазасы жайлы ақпарат Instagram желісіндегіastana_poiski_propavshih парақшасында жарияланған.
«Сенгің де келмейді екен, бірақ.. Үйінің қасындағы құдықтан табылған. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз» , — деп жазылған жазбаның астында. Бұл ақпаратты ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті де растады.
«19 ақпан күні сағат 16:53-тен бастап Астанадағы Железнодорожный тұрғын алабында, аэромобильді жедел құтқару тобымен 16 ақпан күні жоғалып кеткен 2006 жылғы баланы іздестіру шаралары жүргізілген.
Оның нәтижесінде, сағат 23:40-та еріктілер құдықтан жоғалып кеткен баланың денесін тапты. Құтқарушылар оның денесін құдықтан шығарып алды. Баланың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр» , — деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
АҚПАРАТ көзі: nur.kz