Ұлыбритания тұрғынының тілін кесіп, қол терісінен қайта тіл жасап берген
QAZYGURT.KZ: Қатерлі ісіктің жарасы болғандықтан Ұлыбритания тұрғынының тілін кесіп тастап, кейін қайта қалпына келтірді. Джоанна Смит 2018 жылдың қазан айында тіліне жара шыққанын айтып, дәрігерге қаралды. Дәрігер оған гель жазып беріп, үйіне қайтарды. Алайда кейіннен жараның орны тез асқынғандықтан биописия тағайындады.
Тексеру нәтижесінде 58 жастағы британдық әйелдің тілінде қатерлі ісік бары анықталды. Дәрігерлер хирургиялық жолмен жараны алып тастау керек екенін айтты. Олай болмаса, науқас 6 айдан 8 айға дейін ғана өмір үруі мүмкін еді.
2019 жылдың қаңтар айында әйелдің тілін толықтай кесіп тастады. Тек қалпына келтіру үшін бір бөлігін қалдырды. Әйелдің тісі мен бездерін алып тасдады. 15 сағатқа созылған отаны 29 маман жасады.
Хирургтер бастапқыда терініні, бұлшықет пен науқастың оң жақ аяғыны тамырын пайдаланды. Алайда ауыстырып салу кезінде ол жарамсыз болғандықтан дәрігерлер тағы бір ота жасады. Олар науқас наркозда жатқандықтан, отбасы мүшелерінен ресми рұқсат сұрап, тілін қалпына келтірмек болды. Екінші отада науқастың терісі мен сол жақ қолыынң тамырынан тілін жасады.
Осының нәтижесінде Смит қатерлі дерттен айықты. Ол қазір еркін сөйлеп, тамақтана алады Науқастың айтуынша, оның даусы аздап өзгерген және тамақтың дәмін сезу қабілетінен айырылған. Ол 11 күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды. Енді дәрігерлер оның тісін салып беру үшін, біраз уақыт күту керек екенін айтады.
АҚПАРАТ көзі: stan.kz