ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша биылғы жылдың 21 қаңтарында №217-VІ ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге қысқаша тоқтала кетейік.

Осы Заңның 59-бабының  бірінші тармағы екінші бөлігіндегі “тәуелсіз сарапшы” деген сөз “бағалаушы” деген сөзбен ауыстырылды. Сондай-ақ, 82-баптағы бірінші сөйлемдегі “серiктестiктің қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен” деген сөздер “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” ҚР заңында белгіленген тәртіппен” деген сөздермен ауыстырылды. Ал, 291-баптағы бірінші тармақ екінші бөлікпен толықтырылды: “Егер борышкер мен кредитор арасындағы нотариат куәландырған шартта міндеттемені орындау тәсілі ретінде нотариус депозитіне ақша орналастыру көзделген болса, борышкер міндеттемелерін орындау үшін өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарында нотариустың атына орналастыруға да құқылы”.  Екінші тармақ: үшінші “Борышкердің ақшаны және бағалы қағаздарды нотариустың атына орналастыру, оларды кредиторға беру шарттары, сондай-ақ депозит пен сақтаудың басқа да шарттары ҚР нотариат туралы заңнамасында белгіленеді” деген бөлікпен толықтырылған 328-бапта: “Бірінші тармақтың бірінші тармақшасы “кепілге алу арқылы” деген сөзден кейін “бір жылдан аспайтын мерзімге” деген сөздермен толықтырылған.

Осы Заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың толық нұсқасын интернет арқылы көруге болады.

Қасымхан КЕРІМЖАНОВ, Қаратау ауданы

сот орындаушысы міндетін атқарушы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.