Медициналық сақтандырудың берері мол

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, азаматтар қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе алады. Мысалы, егер де азамат өзін-өзі қамтитын санаттағы азамат болса жылына 25 500 теңге (айына 2 125 теңге х 12 айға) жарна аударып, сырқаттанып қалған жағдайда бүгінгі таңда белгіленген 44 000 теңгеден бастап 4 500 000-нан  астам аралығындағы көрсетіміне қарай ем қабылдауға мүмкіндігі болады. 44 000 000 теңгеге жүрек ауыстыру операциясын жасауға мүмкіншіліктер туады. Сол сияқты, өзіміздің үйімізге немесе жұмыс орнымызға жақын орналасқан емханаларға немесе жеке медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекетіміздің әрбір азаматы уақтылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекті ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде алу қамтамасыз етіледі.

Медициналық сақтандыру жүйесінің аясында  :

–    Жедел жәрдем және санитариялық авиация;

–    Әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;

–    Шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

–    Профилактикалық екпелерден бөлек,

–    амбулаториялық-емханалық көмек;

–    стационарлық көмек;

–    жоғары технологиялық медициналық қызметтер;

–    Сапалы медициналық көмектің қол жетімділігі деңгейін арттыру;

–    Азаматтардың денсау­лығын жақсарту және өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Елбасы  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне қатысты заңдарды жетілдіруге бағытталған  «ҚР кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында  жарна мөлшерін қысқарту, сонымен қатар, бизнеске түсетін жүктемені азайту көзделген.

Жұмыс берушілер үшін ең жоғарғы мөлшерлеме 2019 жылы айлық жалақысынан 1,5%, жеке кәсіпкерлер үшін – 01.01.2020 жылдан бастап ең төменгі екі айлықтың 5%-ын, ал жұмысшылар 04.01.2020 жылдан жалақының 1% жарна, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар – 01.01.2020 жылдан ең төменгі бір айлықтың 5%-ын, айына 2125 теңге аударады.

Қалай болғанда да пациенттің таңдау құқығы шектелмейді. Ол Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) пакетімен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жеке меншік клиникада емделем десе де, тиісті жарнаны төлеп, өткен 12 айдың қарызын өтеу арқылы МӘМС жүйесіне кірем десе де өзі шешеді.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар келесідей жарналарды аударады :

Ал халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекет 2020 жылдың 1 қаңтарынан 4 пайыз жарна аударады, 14 санатқа келесілер жатады :

1) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

2)Үш жасқа толғанға дейінгі балалы жұмыс істемейтіндер;

3) Үш жасқа толғанға дейінгі баламен демалыстағы тұлғалар;

4) Балалар;

5) Алқа және ордендермен марапатталған көпбалалылар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек бала күтімімен жұмыс істемейтіндер;

7) Мүгедектер;

8) Тіркелген жұмыссыздар;

9) Тергеу изоляторларында ұсталатындар;

10) Сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар;

11) Зейнеткер соның ішінде мүгедек пен ҰОС-ға қатысқандар;

12) 1 жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандар;

13) Оқу орындарының түлектері;

14) Арнаулы орта, ЖОО-ларда жоғары білім алушылар.

Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнаға қатысты мәліметтер ашық түрде болатынын,  сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық түрде көре алатынын, қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.

А.Беден,

«ӘМЕҚ» коммерциялық емес АҚ

Шымкент қаласы филиалының

бөлім басшысы,

С.Тұрсынбаев,

ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК

емханасы  жауапты дәрігері                                                             

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.