Бала сүйгім келеді

Өз үйімде жүргенде тыным таппай үйреніп қалғандықтан, келін болғанда да осы әдетімді бір тастай алмадым. Осының кесірінен жапа шегіп отырмын бүгінде. Қалаға қарағанда, ауылға келін болу қиынның қиыны екен.

Жаз кезі болатын. Күн де жанға жағарлықтай жып-жылы. Келін болып түскеніме бір-екі айдай болған. Таңертеңмен ерте тұрып, есік алдын сыпырып болған соң, үйдегілердің астарын беріп, бөлмелерді жинап шықтым да, жердегі кілемдердің кірлеп кеткенін байқадым. Содан күйеуіме айтып, бес кілемді сыртқа шығартып алдым. Қас қарайғанша солардың бәрін жуып, ақыры сылқ құладым. Түнде ішім тартып, қатты ауырдым. Күйеуімді оятып, мені дәрігерге апаруын сұрадым. Сонда білдім, аяғым ауырлаған екен. Күні бойы бүгіліп жүре бергендіктен ішіме ауырлық түсіп, шаранамнан айырылып қалыппын. Жаспын ғой деп онша көңіліме ала қоймағанмын. Бірақ, бекер екен. Содан кейін ішіме бала тұрақтамады. Өйткені, бірінші шаранамды түсіріп алған кезде дәрігерлер ішімді тазалағаннан соң, жалақ болып қалған екен. Енді қанша дәрігерге, емшіге барсам да ем қонар емес. Бала сүйгім келеді. Түсімде қасымда жатқан сәбиімді құшырлана бетінен сүйіп жатамын. Ал, таңертеңгісін тұрғанда бұл елес ғайып болады. Күнде жылаймын. Бірақ, не шара? Келін болған жақсы. Үй тірлігіне араласқан да дұрыс, бірақ әйелдік парызыңды орындап, бала сүймейінше қатты жұмысқа салынудың да керегі жоқ екен.

Мәдина.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.