ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛЫ ӨНIМДЕР

* Бірнеше қасық ас содасын кір жуатын суға қосса, ақжаймалар мен ақ түсті киімдер аппақ болып шыға келеді.

* Ұнға құрт түспеуі үшін арасына бір-екі лавр жапырағын салып қойыңыз.

* Лимонның бетіне аздап тұз сеуіп, фарфор ыдыстар мен табаны, кәстрөлдерді, тіпті қолжуғышты да сүртуге болады. Ол майлы дақтан із қалдырмайды.

* Күрішкенің түбіндегі шай не кофеден қалған дақты кетіру қиын болса, жарты шай қасық пен ас содасын араластырып, ыдысқа құйып қойыңыз. Ең кемі 2 сағат, ең жақсысы түні бойы осылай тұрса, дақ келмеске кетеді.

* Тоңазытқышқа бір шымшым көк шай салып қойсаңыз, ол кез-келген жағымсыз иісті өзіне сіңіріп алады.

* Банан қабығымен түсі қарайған күміс бұйымдарды тазартып, жылтыратуға болады. Ол үшін қабықты майдалап турап, азырақ сумен араластырыңыз да, қоймалжың сұйықтыққа айналған соң, күміске жағыңыз. Сосын құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен шайып алыңыз.

* Бояу тиген киімді түнге қарай сүтке салып қойыңыз. Таңертең әдеттегдей жуып алуыңызға болады. Бұл әдіспен әсіресе көк сияның дағы жақсы кетеді.

* Құмырсқа көп жүретін жерге ұн сеуіп қойыңыз. Олар ұнды жегенімен, қорыта алмайды, сондықтан тез қырылады.

* Киімге май тиген жағдайда үстіне көбірек тұз сеуіп қойыңыз. Біраздан кейін әдеттегідей жуыңыз.

* Кәстрөлдер мен табаларды кетчуппен сүртіп шықса, майлы дақтар тез кетеді. Және ол сырылған, сыры кеткен жерлерін қалпына келтіріп, жылтыратады.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.