Ең жылы киiм
Якутияда әскери талшықтан әзірленген аязға төзімді киім жасап шығарылды. «Хопоо» деген атауға ие болған бұл киім адамды тіпті жан төзгісіз суықтарда да жақсы қорғайтын көрінеді.
Оңтүстік кореялық бамбукты әскери талшықтан жасалғандықтан, бұл киім өзге жылу ұстағыштарға қарағанда 10 есе жеңіл. Оның салмағы – небәрі 1 келі. Сонымен қатар, ол жылуды 5 есе артық ұстайды. Мұндай киіммен 50 градустық аяздан да қорықпауға болады дейді өндірушілер. Сондай-ақ, «Хопоо»-ны қажет болған жағдайда ұйықтауға арналған қапшыққа айналдыруға да болады.