Елбасы Мысыр президентіне көңіл айтты
QAZYGURT.KZ: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
АҚПАРАТ көзі: jasqazaq.kz