Үндістандағы қазақстандық азаматтардың барлығы елге оралды

QAZYGURT.KZ: Үндістан мен Пәкістан арасындағы кикілжіңге байланысты үнді елінен шыға алмай отырған отандастар өткен демалыс күндері елге оралды.

Үндістаннан ұша алмай жүрген отандастар 1-2 наурыз күндері елге оралды. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Air Astana компаниясы әуе рейсін штаттық тәртіпте 4 наурызда жалғастырады.

«Біздің азаматтар кесте бойынша сапарлап жатыр. БАҚ-та 300-ден астам жолаушы туралы ақпарат тараған еді, бірақ оның ішінде тек 68-і Қазақстан азаматы», — деді ол.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда шетел ақпарат құралдары Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін хабарлады. Соған байланысты аталған елдердегі әуе жолы жабылған болатын. 28 ақпанда Алматы халықаралық әуежайына Делиден ұшып келген әуе көлігі қонды.

Делидегі Қазақстан елшісі Болат Сәрсенбаев 200-ге жуық қазақстандық азамат Үндістаннан қайта алмай отырғанын айтты.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.