Ақтөбелік әкім ауылдың келіншектеріне ерекше тосынсый жасады

QAZYGURT.KZ: Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай аулының келіншектері шулап жүр. Ауыл тұрғындарының айтуынша,  әкім халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше сыйлық жасаған.

Олардың айтуынша, шаштараз, монша, такси қызметі әйелдерге тегін. Ауылдағы кез келген ақылы қызметті әйелдер ақысыз пайдалана алады. Ауыл әкімі де бұл жағдайды растап отыр.

«Қаратоғай ауылында 8 Наурыз аналар мерекесіне орай «Ардақтайық аналарды» акциясы басталды.

Аталған акция аясында 7-8 Наурыз кундері ауылымыздағы барлық айел адамдарға такси, монша, шаштараз қызметтері тегін. Ал айдың аяғына дейін 50 % жеңілдік.

Аналарымыз, апаларымыз, қарындастарымызды қуанту үшін кәсіпкерлерге өтініш айтқан болатынбыз. Ауылдың азаматтары ұсынымызды жерге қалдырған жоқ. Мерекеде нәзік жандыларды қуантып жатыр», -дейді Қаратоғай ауылының әкімі Қуанышбек Серікжанов.

Айта кетерлігі, Қаратоғай ауылында 2000-ға жуық халық бар.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.