Болат Кальянбеков «Алматы» телеарнасына басшы болып тағайындалды
QAZYGURT.KZ: Жоғарғы соттың бұрынғы баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков «Алматы» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды,
«Бүгін (27 ақпан — авт.) Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жиналыс өткізіп, жоғары сот органының судьялары мен қызметкерлері Болат Кальянбековтың Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сіңірген еңбегін атап өтті. А.Рахметулин оның жаңа қызметке — «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметіне ауысатынын мәлімдеді», — деп жазды Болат Кальянбековтың бұрынғы әріптесі Гүлмира Мұханбетжанова өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Айта кетейік, телеарнаны 2015 жылдың қазан айынан бері Әлібек Әлденей басқарып келген болатын.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz