Адам туралы қызықты деректер
QAZYGURT.KZ: Өз ағзамызды толық танитын болсақ, ешқандай ауруға шалдықпас па едік?! Адам ағзасы өзі біле бермейтін қызық құпияға толы. Біз ұсынар мәліметтер тізбегінің бірін білсеңіз, бірін білмейтін боларсыз. Бір көз жүгіртіп шығыңыз.
Көзде шоғырланған бұлшықет күніне 100 000 рет қозғалады. Аяқ бұлшықеті де солай жиырылуы үшін күніне 80 километр жүру керек.
Адам өмірінің соңында орта есеппен 150 триллион бит ақпаратты кино лентасындай көз алдынан өткізеді.
Балалар басқа кездерге қарағанда көктем мезгілінде тезірек өседі.
Адам ағзасында 2000 дәм сезу рецепторы бар.
Алпыс жасқа жеткен адам дәм сезу рецепторінің жартысын жоғалтады.
Жылына екі мыңнан астам солақай қаза болады, себебі олар оңқайларға арналған тетікті пайдалануда қателік жібереді.
Адам миының сыйымдылығы 4 терабайтқа пара-пар.
Ересек адам күніне шамамен 23 000 рет тыныс алады.
Адам ағзасына небары 4 минерал кіреді: апатит, арагонит, кальцит, кристобалит. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарына қарағанда 4 есе тез өседі.
Адамның жалғыз мүшесінде ғана қан жоқ (қанмен қамтамасыз етілмеген) – көздің қасаң қабығы. Ол оттегін тікелей ауадан алады.
Сәби туғанда 300 сүйегі болады, өсе келе ол небары 206-ға қысқарады.
Көккөз адамдар басқаларға қарағанда аурушаң болады, ауруды тез қабылдайды.
Адам ағзасындағы барлық темірді қосатын болса, кішкене ғана сағаттың бұрандасындай темір шығады. Адам көрген түсін 90% ұмытып қалады.
Бала жеті айға толғанша бір мезгілде жұтынып әрі тыныстай алады. Яғни еміп не су ішіп жатқанда тұншығып қалмайды.
www.massaget.kz