Көзіңізді сақтаңыз
Қазіргі барлық жұмыс компьютерсіз бітпейтін болған. Оның алдында көп уақыт отыру да көзге әсер етеді. Ертелі-кеш компьютердің алдында отыратындарға арнайы әдістер қолданғаны дұрыс.
Көз қатты ауырғанда, әсіресе түнге қарай іріңдеп, кірпіктер бір-біріне жабысады. Ашудан соң, бұлдырап ауырған көзді дымқыл дәкемен сүрту керек. Десе де мұндай жағдайда дәрілік шөптердің тұнбаларын да пайдалануға болады. Олардың дайындалу жолдары:
- Түймедағы (ромашка) гүлінің барша түрі: жарты литр қайнаған суға 5 грамын салып, 15 минут күтеді.
- Түйме бұршақтың (донник лекарственный) барлық түрі: жарты литр қайнаған суға 35 грамм салып, 10 минут қоя тұрады, соннан соң барып сүзеді.
- Қара аю бадан (бузина черная) гүлдері: жарты литр қайнаған суға 25 грамын салып, 15 минут қоя тұрады, кейін сүзіп алады.
- Көктікен (василек синий) гүлдері: оның 25 грамын жарты литр суды 3 минут қайнатады, суған соң сүзгіден өткізіп көзге тамызады.
Көзіңіз ауырса осындай тұндырмалар жақсы көмектеседі. Оларды көз аурулардың алдын-алу ретінде былайғы жұрттың да қолдануына болады. Дәрілік шөптер дәріханаларда сатылады. Қолдану тәсілдері де жазылып, көрсетіледі. Пайдаланар кезде соларды да ескерген жөн.