Қазақстанда аңшыларға қызмет көрсететін ақпараттық жүйе құрылады
QAZYGURT.KZ: Қазақстанда барлық аңшылардың қызметін реттейтін ақпараттық жүйе құрылады.
Аң шаруашылығы қызметін цифрландыру жобасын «Қансонар» республикалық аңшылар қауымдастығының қорытынды жиналысында «Ranking», «Energyprom», «Finprom» компаниялар тобының басқарушы серіктесі Михаил Корнет таныстырды. «Біз Интернетте сауда жасауға, мобильді қосымшаларды қолдануға үйреніп қалдық. Ал аң аулау саласында бәрі бұрынғыша еді. Аңшылар әлі күнге дейін қағаз картамен жүруге мәжбүр. Танысың арқылы аң аулайтын орын табасың, оны қағаз картадан іздейдің, жол көрсетуші жалдайсың. Сондықтан, платформа аясында геолокация қызметін енгізіп, аң аулау шаруашылықтары аумағын цифрландырғымыз келеді. Бұл саланы цифрландыру үшін инвесторлар тартып, транзакциялық кедергілерді түбегейлі жоятын, Қазақстандағы аңшылыққа сұраныс арттыратын жоба жасағымыз келеді», — деді Михаил Корнет «Қансонар» республикалық аңшылар қауымдастығының қорытынды жиналысында.
Оның айтуынша, жаңа жоба щамамен бір жарым жылда дайын болады. Онда туристік сайттардан қонақ үй таңдаған секілді аң аулайтын орындарды таңдауға болады. Тіпті Юбер моделінде жерігілкті тұрғындардың такси, жол көрсетуші қызметтерін қосу жоспарланған. «Телефон арқылы ақы төлеп, аңшылыққа электронды билет алу үшін серіктес банктермен бірігіп, электронды төлем жүйесін де енгізу қажет. Қазақстанға аңшылыққа келуді қалайтын шетелдіктерді әкелуде кедергі көп. Осыған байланысты нарық қатысушыларына қызметті жоспарлау мен инвестиция тарту бойынша бизнес-сараптама жинауға мүмкіндік беретін сараптамалық платформалар құрылады. Себебі, қауымдастықтан дені дұрыс мәлімет ала алмайсың, аңшылықпен айналысатындар нақты сұраныс көріп отырған жоқ», — деді ол.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz