Кедейлiк туралы қызықты деректер
Дүниежүзілік банктің белгілеуі бойынша, күніне 1.25$ доллардан аз ақша жұмсайтындар кедейлік шегінде деп танылады.
Бүгінде жер бетінде 1,2 миллиард адам өте кедей тұрады.
Ең кедей елдердің бестігіне Үндістан, Қытай, Нигерия, Бангладеш және Конго Демократиялық Республикасы кіреді.
Шамамен 22000 бала жыл сайын кедейліктің салдарынан көз жұмады.
Африканың қара нәсілді тұрғындары бүкіл әлемдегі кедейлердің үштен бірінен астамын құрайды.
Кедейлердің шамамен 75%-ы ауылды жерлерде тұрады.
Кедейлік шегіндегі отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 16,4 миллион бала АҚШ-та тұрады.
Бүкіл әлемде мұқтаждардың барлығын тамақтандыруға жетерлік азық бар. Бірақ, соған қарамастан жер бетінде 854 миллион адам немесе әрбір жетінші адам аштықтан зардап шегіп отыр.
Қытай қуат көздерін пайдалану жөнінен АҚШ-ты басып озғанына қарамастан, бұл елдегі 612,8 миллион адам тамақ әзірлеп, үйін жылытатын отынға зәру.
Кедей отбасында туылған балалардың 20 пайызы 5 жастан аса алмайды. Бұған азықтың жетіспеушілігі мен дәрі-дәрмектің қымбаттығы себеп.
Жер бетіндегі ең дәулетті 85 адамның байлығы бүкіл адамзаттың жартысындағы дүниемен тең.
Әлемнің ең дәулетті 100 адамы 2012 жылы жер бетіндегі кедейлікті төрт рет жоюға жетерлік ақша тапқан.
Дамушы елдердегі табыс көрсеткіші – күніне 3$ немесе одан да аз.
«Орта таптың» орташа әлемдік табысы – шамамен күніне 10$.
Дамыған елдер 2010 жылы кедейлікті бес есе азайтты, бірақ статистикалық көрсеткіштердің артында банктердің алдындағы қарыздар, орта таптың кедейленуі сияқты одан да үлкен мәселелер жатқанын ешкім байқамады.
Сарапшылардың айтуынша, дағдарыстар мен азық-түлік бағасының тоқтаусыз өсуі кедейлердің санын азайтпайды, керісінше көбейте береді.