Назарбаев Астананың бас мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

QAZYGURT.KZ: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бас мешітінің құрылыс орнына тас қойды.

Бұл нысан ЭКСПО-қалашықтың жанындағы жаңа саябақ аумағында бой көтеріп, көлемі бойынша Ботаникалық саябақтан да үлкен болады. Қала әкімшілігінің дерегі бойынша, мешіттің сыйымдылығы 30 мың адам. Оны демеушілер салып жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, арнайы қорға түскен қаржыны жинауға барлық ниет білдірген қазақстандықтар, соның ішінде кәсіпкерлер қатысқан. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр, биіктігі 130 метрді құрайды. 3 500 көлікке арналған ашық және жабық көлік тұрақтары салынады деп жоспарланып отыр.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.