Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері пара алды деген күдікпен ұсталды
QAZYGURT.KZ: Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин 2 айға қамалды.
«Оған ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі негізінде айып тағылды. Лауазымды шенеунік аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Қамау мерзімі 13 наурыздан бастап есептеледі», — деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен. Нұрлан Тұрдалин 5 іргелі медициналық мекемеде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап «Алматы орталық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер қызметін атқарып келді.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz