М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: Бұл –үлкен мәселе
Облыстық деңгейде толып жатқан дөңгелек үстел, форум өтіп жатыр. Мұның енді түкке керегі жоқ. Не істеу керек? Біріншіден, бүгінде жастарды жұмыспен қамтудың ең тиімді жолы – ауылда қалған қыз-жігіттерді кәсіпке баулу. Бұл –үлкен мәселе. Осы бағытта енді арнайы бағдарламалар бар. Алайда кейбір бағдарлама жастарға жетпей ме деп қорқамын.
Одан қала берді жастар бір жерде қарауыл, күзетші болуды, болмаса базарда жүріп, анау-мынау сатуды, арба сүйреу секілді жеңіл кәсіпке барғысы келеді. Сондықтан да қалыптасып қалған осы менталитетті бұзуымыз керек. Үгіт-насихат мектепте де басталуы керек. Мектеп бітірген қыз-жігіттердің барлығының жоғары білім алуы шарт емес. Солай емес пе?! Көптеген дамыған елдердегі жағдайды алып қарасақ, оларда жоғары оқу орнын бітірген азаматтар 20-30 пайызды ғана құрайды. Бізде керісінше 80-90 пайызы жоғары білім алуға тырысады.
jasqazaq.kz