С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: «Кiмнiң тарысы пiссе, соның тауығы болу» жастарға үлгi етер қылық емес…

Соңғы уақыттары облыс әкімдерінің халықпен жолығуы, тілдесуі, мұң-мұқтаждарына құлақ тігуі жаңаша сипат алды. Жазушы Оралхан Бөкей айтпақшы, неге біз осы тықыр таянғанда, жан алқымға тығылғанда ғана «сахнаға» шығамыз… Бұл да жаңа үкімет ескеретін, сабақ алатын нәрсе…

Біздің бойымызда қатып қалған бір жаман мінез бар. Күні кешеге дейін Үкіметті мақтап, бастамаларын жақтап жүрген сарапшылар, қайраткерлер Үкімет «күйреген» күні 180 градусқа жалт бұрылып, ол байғұстарды президенттен де асып сынап жатыр. Бұл барып тұрған екі- жүзділік қой! Шынымен жанашыр болса, кім оларға қой депті Үкіметтің дәурені жүріп тұрғанда. «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болу» жастарға үлгі етер қылық емес…

elana.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.