Б.СЕРІКБАЙ, қоғам белсендісі: Уақытында шулатты. Бүгiн ұмытты!
Мемлекеттік блогерлер, әлеуметтік желіде белсенді журналистер (оның ішінде “Болашақ” түлектері де бар) неше түрлі “керемет бастама” деген жазбаларын үсті-үстіне бұрқыратып жатты. Министрмен кездесіп, кабинетінде селфилетіп біраз дүниелер жасады. Өздері ақылды, “Әй, бұларың асығыстық” дегендер ақымақ секілді болып көрінді.
“Нұр Отанның” жиынын қарап отырсам, әлгі “Давай да давай, ертең ағылшын тілі бола қалсын” дегендердің біразы сол басқосуда жүр.
Министр орнынан кетті. Бірақ, кезінде неше түрлі ақылды пост жазғандар “Әй, кезінде сол жазғандарымыз, елді адастырған бастамаларымыз қате болыпты. Асығыстық жасаппыз” деп бір сұxбат не мақала, әлеуметтік желіде бір кешірім сұраған жазба да жоқ. Ешкім жауапты емес! Өтті кетті! Уақытында шулатты. Бүгін ұмытты!
Abai.kz