Фируза Шәріпова Мәскеуде жаңа салмақта жекпе-жек өткізеді

QAZYGURT.KZ: Кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова 20 сәуір күні Мәскеу шетіндегі Жуковкада орналасқан Флойд Мейвезердің бокс академиясында айқас өткізеді. «Өкінішке қарай, Фируза бұл кездесуді айырылған титулы үшін өткізбейді. Алайда боксшы қарайып қалмас үшін рингке шығу қажеттілігіне бел буып отырмыз. Бұл жағдайда ол бәрібір жеңіл салмақтағы WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Ал бұл айқаста Фируза жаңа салмақта — 63,5 келіде өнер көрсететін болады. Қарсылас әлі анықталған жоқ. Кездесу алты раундқа есептелген», — дейді қазақстандықтың менеджер Сергей Завилейский. Оның айтуына қарағанда, жаңа салмақта белдіктерге ие болу үшін алда әлі біршама еңбектену керек. «Егер қаржыландыру мәселесі шешілетін болса, Фируза келесі айда өзінің титулына қайтадан ие болып, одан да жоғарғысын ала алады», — дейді менеджер. Еске сала кетсек, Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылғаны осыған дейін хабарланған болатын. Оған қатысты спортшы: «Бұл — қалыпты жағдай, себебі бір жылдан бері қорғалған жоқ. Чемпион өз белбеуін қорғауы тиіс. Өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуді жоспарладық. Ол — WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың иегері. Қаржыландыруға көмек сұрадық. Әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министріне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады», — деген еді. Оның айтуынша, Е. Вальстрем үлкен көлемдегі гонорар сұраған. «Мұның алдында WIBA титулын қорғадым, сондықтан мен осы нұсқадағы әлем чемпионымын. Мен белбеулерімді жоғалтқан жоқпын, келесі айқаста оны рингке алып шығамын. Мен осы нұсқадағы қазіргі әлем чемпионы мәртебесінен айырылдым. Бұл менің және командамның кінәсі емес — мен одан айқаста жеңілгендіктен айырылмадым. Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ», — деп атап өтті ол.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.