Б.СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: Жарастығымызды жарамсақтықпен бұзбайық!

Көше атауларын асығыс ауыстыру абырой алып бермейді. Кейбір өңірлердің асығыстыққа салынып, тарих төрінен орын алған хандарымыз, төбе билеріміз, ұлы ақынымыз атымен аталған, тіпті тәу етер киелеріміздің бірі – Тәуелсіздік ұғымы ұлықталған облыстар орталығындағы басты көшелер мен даңғылдардың атауын асығыс өзгертуі жергілікті жұртшылықтың наразылығын туғызады. Бұл абыройлы іс емес. Жарастығымызды жарамсақтықпен бұзбайық!

Ел ұлықтаған аттары бар ескі көшелерге жаудай тие бермей, әр облыс орталығында заманауи стильде жаңа көшелер салуды ұсынамын.

qamshy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.