Президенттік сайлауына Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды
QAZYGURT.KZ: Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты
«Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», — деді ол. Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтетіндігін жариялаған болатын.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz