Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін ұрлағандарды ұстады

Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдіктілерді ұстады Ағымдағы жылдың ақпан айында Сайрам АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың жүк көлігінің бөлшектерін ұрлап кеткендігі туралы хабарлайды. Дәл сол күні полицияға тағы бір жәбірленуші хабарласып, ұрылардың жүк көлігінің дискілерін сөгіп алып кеткендігін айтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мыңнан астам теңгені құрап отыр. Аталған жайттар Сайрам АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Сайрам АПБ-нің полицейлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының аясында жергілікті тұрғын, яғни 4 күдіктіні құрықтады. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың жалпы шығыны миллионға жуық қаржыны құрайтын 6 ұрлық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Полицейлер күдіктілердің тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі жинақталған барлық материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға автокөліктерін қараусыз қалдырмауды, көлік есігі мен терезелерін ашық тастамай, арнайы кілтпен бекітіп жүруді ескертеді. Көлікті көрінетін және қолайлы жерге немесе арнайы автотұраққа қою қажет. Сондай-ақ, көлікте ақша, кұжат және басқа да құнды заттарды қалдырмау керектігін еске салады. Мүмкіндігінше ұрыларға қарсы тұру үшін дыбыстық қорғау дабылқаққышын орнатқан жөн. Егер сіз қылмыс құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтау үшін, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.